Сауд Арабиясында 50 мың жұмысшы шеруге шықты
(last modified Sat, 30 Apr 2016 09:10:02 GMT )
Сәу 30, 2016 15:10 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясында 50 мың жұмысшы шеруге шықты

Мұнай бағасының төмендеуі мен Сауд Арабиясының аймақтық соғысты өршітуі салдарынан туындаған нашар экономикалық жағдай аталмыш елде жалақы төленбеу салдарынан 50 мың жұмысшының өз наразылықтарын білдіру үшін шеруге шығуына себеп болған.

Al Alam ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, 4 айдан бері жалақы алмағандықтан "Бен Ладен" мердігерлік компаниясының 50 мыңға жуық жұмысшысы күн сайын аталмыш компанияның Сауд Арабиясының түрлі қалаларындағы кеңселерінің алдында жиналып, наразылық білдіруде.

"Бен Ладен" мердігерлік компаниясы өз жұмысшыларына Сауд Арабиясы территориясынан шығуға рұқсат бергенімен жұмысшылар аталмыш елден кетпес бұрын жалақыларының толық төленуін талап етуде.

Сауд Арабиясының шетелдік жұмысшыларға жалақыларын төлемеуі аталмыш елдің ауыр шығындарға батып, Йеменмен соғысу үшін жалдамалы күштерді жалдауға ақы төлеуімен байланысты.