Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауында ереуіл басталды
Қарсыласу топтарының Палестина халқынан өтінішінен кейін Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистік әскерилердің 6 палестиналықты шәһид етуіне наразылық ретінде бүгін, сәрсенбінің таңертеңнен жалпыұлттық ереуіл басталды
Кеше (сейсенбі) сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауы мен басып алынған Құдстың әртүрлі аймақтарына жасаған аяусыз шабуылы кезінде 6 палестиналық шәһид болды. Эрин әл-Асуд қарсыласу тобы күшті мәлімдеме жасап, Палестина халқын бүгін Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауында ереуілге шығуға шақырды. Бұл мәлімдемеде: «Сәрсенбі күнін халықтың ашу-ызасы күні деп жариялаймыз және шәһидтердің қаны ешқашан зая кетпейтінін және сендерге (Палестина халқына) берген уәделеріміздің міндетті түрде орындалатынын қуаттаймыз»,- деп айтылды.
Тағы бір оқиға бойынша қарсыласу жауынгерлері бүгін таңертең Каландиядағы сионистік армияның бақылау-өткізу пунктін нысанаға алды.