Иран мен Сирия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Mon, 09 Jan 2023 15:15:27 GMT )
Қаң 09, 2023 21:15 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Микдад жексенбі күні телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы, Сирия мен аймақтағы өзгерістер жайлы пікір алмасты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тараптар осы сұхбатта екі ел басшыларының екіжақты қарым-қатынасты түрлі салаларда одан ары дамытуға ерік-жігер танытып отырғанын баса айтты.

Сирия Сыртқы істер министрі осы сұхбатта ИИР-ның лаңкестікпен күрестегі және Сирия дағдарысын саяси жолмен шешудегі, әсіресе Астана үдерісіндегі рөліне алғыс айтып, кез келген саяси бастамаларда екі елдің шешуші рөлін жалғастыра беру керегін айтты. 

Тегтер