Қазақстан ұлттық гвардиясының ұшағы Бен-Гурион әуежайына қонды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i66804-Қазақстан_ұлттық_гвардиясының_ұшағы_Бен_Гурион_әуежайына_қонды
Ақпарат құралдары Қазақстан ұлттық гвардиясы ұшағының басып алынған Палестинадағы Бен-Гурион әуежайына қонғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 09, 2023 22:32 Asia/Almaty
  • Қазақстан ұлттық гвардиясының ұшағы Бен-Гурион әуежайына қонды

Ақпарат құралдары Қазақстан ұлттық гвардиясы ұшағының басып алынған Палестинадағы Бен-Гурион әуежайына қонғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің "Кан" арнасы жексенбі, 8 қаңтарда Қазақстан ұлттық гвардиясының бір ұшағының (RK 65001) Бен-Гурион әуежайына қонғанын хабарлады.

Сионистік режим Қазақстанға Орталық Азиядағы жаңа база ретінде қарап келе жатқанына бірнеше жыл болды. Қос тарап осы күнге дейін көптеген ортақ ынтымақтастық келісімдеріне қол қойды. Иврит ақпарат құралдарының мойындауынша, сионистік режимнің 10-20 пайыз мұнайы Қазақстаннан экспортталады. Бұл көлем кейде 25 пайызға жетеді. Ал Қазақстан – Израильде жасалған қару-жарақтарды импорттаушылардың бірі.