Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауын жаулап алынған жерлерге қосуды жобалауда
(last modified Mon, 02 May 2016 15:53:48 GMT )
Maм 02, 2016 21:53 Asia/Almaty
  • Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауын жаулап алынған жерлерге қосуды жобалауда

Сионист қайраткерлер Израильдің батыс жағалауын жаулап алынған жерлерге қосуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Палестиналық «Сафа» ақпарат торабы сионистік «Maariv» газетіне сілтеме жасап, дүйсенбі күні осы режимнің басшылары жуырда батыс жағалауды жаулап алынған жерлерге қосу және оның қалашықтарында Тель- Авивтің заңдарын жүргізу жобасының Израильдің Кнессетіне ұсынылатынын мәлімдегенін жазды.

Осындай жағдайда Израильдің Әділет министрі батыс жағалауды жаулап алынған жерлерге қосуға тоқталып: «Үкімет мүшелері Батыс жағалаудағы қалашықтарда Израиль заңдарын жүргізуді әрдайым қуаттап келеді» деді.

Басқа жақтан сионистік режимнің бұрынғы кеңесшісі Йехуда Вайнштейн осы жобаға қарсылық білдіріп: «Бұл жобаны бекіту және оны Иордан өзенінің батыс жағалауында күшіне енгізу халықаралық қатаң сын- пікірлер тудырып, Израиль халқына қарсы қатаң шараларға соқтырады» деді.