Иранның алғашқы көмегі Дамаскіге жетті
(last modified Tue, 07 Feb 2023 11:45:37 GMT )
Ақп 07, 2023 17:45 Asia/Almaty
  • Иранның алғашқы көмегі Дамаскіге жетті

Сирия ақпарат құралдары  жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмегін тасымалдаған ИИР алғашқы ұшағының Сирияға келгенін хабарлады.

Дамаск әуежайына зілзаладан зардап шеккен аймақтарға  көмек жүктерін жеткізуді қадағалау үшін барған Иранның Сириядағы елшісі Мехди Собхани: «Бұл Теһранның алғашқы көмегі және Ираннан басқа да жүк тасымалдайтын ұшақтар Сирияға жіберіледі»,- деді.

Бұған дейін ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан сириялық әріптесі Фейсал Меқдадпен телефон арқылы сөйлесіп, жер сілкінісі салдарынан көптеген сириялық азаматтардың қаза болуына өкініш білдіріп, көңіл айтқан болатын және Теһранның кез келген көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

 

Тегтер