Әл-Мекдад: АҚШ санкциялары жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуге кедергі болуда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i67524-Әл_Мекдад_АҚШ_санкциялары_жер_сілкінісінен_зардап_шеккендерге_көмек_көрсетуге_кедергі_болуда
Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Меқдад: «АҚШ-тың санкциялары көмекке үлкен кедергі болып табылады, өйткені олар Сирияға дәрі-дәрмек әкелуге кедергі жасайды»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 08, 2023 14:41 Asia/Almaty
  • Әл-Мекдад: АҚШ санкциялары жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуге кедергі болуда

Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Меқдад: «АҚШ-тың санкциялары көмекке үлкен кедергі болып табылады, өйткені олар Сирияға дәрі-дәрмек әкелуге кедергі жасайды»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Сыртқы істер министрі сейсенбі күні кешке әл-Маядин арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Сирия халқына қарсы санкцияларын айыптап: «Сирия үкіметі көмек лаңкестердің қолына жетпеген жағдайда, барлық аймақтарға көмек жеткізуге мүмкіндік жасауға дайын»,- деді.

Сирияның БҰҰ-дағы өкілі Басам Сабағ дүйсенбі күні кешке осы ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуінде Сирия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасады. Бұл мәлімдемеде Сирия СІМ БҰҰ-на мүше мемлекеттер, осы ұйымның хатшылығы, Халықаралық Қызыл Крест комитеті және басқа да үкіметтік және үкіметтік емес мекемелерден Сирия мен оның үкіметіне жуырдағы жер сілкінісінен туындаған гуманитарлық апатты жоюға көмектесуді сұрады.