Газада болған жарылыста бір палестиналық шәһид болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i6763-Газада_болған_жарылыста_бір_палестиналық_шәһид_болды
Газа секторының шығысында орналасқан «әш- Шоджайе» аймағының тұрғыны 30 жастағы палестиналық азамат Мазен әл- Лоло Джабалияда болған жарылыстан шәһид болды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 03, 2016 20:00 Asia/Almaty
  • Газада болған жарылыста бір палестиналық шәһид болды

Газа секторының шығысында орналасқан «әш- Шоджайе» аймағының тұрғыны 30 жастағы палестиналық азамат Мазен әл- Лоло Джабалияда болған жарылыстан шәһид болды.

Осы жарылыста сонымен қатар тағы екі палестиналық жараланды. Осыдан бұрын Палестинаны азат ету ұйымына қарасты «Абдолла әл- Һурани» атындағы зерттеу орталығы сионистік режимнің 2016 жылдың сәуір айында жасаған қылмыстарының тізімін жариялады. Сәуір айында Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдс және Газа секторында 270 палестиналық жараланған. Солардың 85-ін балалар құрап отыр.