Баргути: Сионистер Түркияда тарихи құжаттарды ұрлады
Палестинаның ұлттық бастама қозғалысының бас хатшысы: "Түркияда болған зілзаладан кейін осы елге келген сионистік режимнің іздестіру-құтқару командасы тарихи құжаттар ұрлап кетті",-деді.
Al-Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, Мұстафа Баргути: "Басқыншылардың басқа шыққаны сондай, Түркияға барған сионистік режимнің іздестіру-құтқару командасы 200-300 жыл бұрынғы тарихи құжаттарды үйінді астынан тауып алып, қауіпсіздігін сақтау сылтауымен елден алып қашты. Бұл – ұрлықшылардың әрекеті",-деді.
Баргути: "Израильдіктердің бассыздығы мен басқыншы армияда адамгершіліктің болмауы Сирияға әуе шабуылында айқын көрінді. Өйткені Дамаск үкіметі жойқын зілзаланың салдарымен алысып жатқанда Израильдің шабуыл жасауы – антигуманистік әрекет",-деді.