Хания Израильге қатыгездікті жалғастырудың салдары туралы ескертті
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (Хамас) саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания Палестина халқына алғыс айтып: "Дұшпанмен соғыс жаңа кезеңге аяқ басты",-деп мәлімдеді.
2023 жыл басталғаннан бері Израиль мен Палестина қайшылығы жаңа сипатқа ие болды. Израильде әсіре оңшылдардың бірі саналатын Нетаньяху өзінен өткен әсіре реакцияшыл адамдармен Министрлер кабинетін құрды. Бұл кабинет басып алынған жерлердегі билікте ауыр дағдарыстар тудырумен қоса, өткен екі айда палестиналықтарға қарсы ауқымды қатыгездік жасады. Сөйтіп басқа кезден көбірек Нетаньяхуға қарсы наразылық тудырып, сынға ұшырады.
Палестиналықтарға қарсы қатыгездіктер саяси сахнаға айтарлықтай әсер етті. Мысалы, палестиналықтардың режимге қарсы ерік-жігері мен ұлттық болмысты қорғауға деген құлшынысы нығайды. Сол себепті палестиналықтардың қарсыласу амалдары айтарлықтай артты.
Ауқымды қатыгездіктер сионистердің қауіпсіздігін арттырмады, қайта кері әсер етті. Палестиналықтардың ұлттық рухы нығайды.
Басқа бір маңызды нәтижесі: Палестиналықтардың жаңа буынының қатысуымен жаңа қарсыласу топтарының пайда болды. Әрине бұл топтар Нетаньяхудың жаңа кабинеті билік басына келгенге дейін пайда болған және сионистік режимнің бұрынғы альянстық кабинетінің қатыгездіктеріне реакция болатын. Нетаньяху кабинетінде қатыгездіктер күшейгеннен кейін жаңа топтардың белсендігі артты. Жаңа құрылған топтар мен Палестина халқы арасында байланыс орнады.
Сондықтан сионистік режим мен Палестина жаңа бір қақтығыс пен соғысқа қарай бет алды деп айтуға болады. Рамазан айы жақындап қалғандықтан соғыс болу ықтималы одан ары күшейе түседі. Соғыс бола қалған жағдайда оның салдары режим үшін өте ауыр болмақ. Өйткені бір жағынан басып алынған жерлерде халық ауқымды наразылыққа шығып жатыр және Нетаньяху кабинеті күннен күнге әлсіреп барады, ал екінші жағынан бұл соғыста Израиль басқа кезден көбірек өз-өзіне сенімді әрі ішкі қайшылығы азайған Палестинамен бетпе-бет келеді.