Ислами: Йемен халқы көрген зорлық-зомбылықты жеткізу – баршаның міндеті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i68144-Ислами_Йемен_халқы_көрген_зорлық_зомбылықты_жеткізу_баршаның_міндеті
Иран Вице-президенті: "Йемен халқы көрген зорлық-зомбылықты әлем халықтарына жеткізу және оларға көмектесу – баршаның міндеті",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 06, 2023 19:44 Asia/Almaty
  • Ислами: Йемен халқы көрген зорлық-зомбылықты жеткізу – баршаның міндеті

Иран Вице-президенті: "Йемен халқы көрген зорлық-зомбылықты әлем халықтарына жеткізу және оларға көмектесу – баршаның міндеті",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Ислами дүйсенбі күні әлемдік таңдаулылардың Йеменнің ұлттық қарсыласуына жақтасуына арналған халықаралық форумда: "Осы конференцияға қатысып жатқан құқық қорғаушылар Йемен халқының көрген қорлығы мен істеп жатқан қарсылығын әлем халықтарына жеткізе алады",-деді.

Ислами: "Араб елдері Палестина халқының қиыншылықтарына назар аудармауы былай тұрсын, үстемшілдер жағына шығып, Йемен халқының да құқығын аяққа таптап, осы елдегі өтпелі үкіметті қолдап отыр",-деді.

Иран Вице-президенті: "Йемен халқы болашақта үкімет құрады және өз тағдыры үшін шешім қабылдайды",-деді.

Әлемдік таңдаулылардың Йеменнің ұлттық қарсыласуына жақтасуына арналған халықаралық форум Теһранда отандық және шетелдік ғалымдар мен жауапты тұлғалардың қатысуымен өтті.