Израиль іштен өртеніп жатыр
(last modified Tue, 07 Mar 2023 11:49:31 GMT )
Нау 07, 2023 17:49 Asia/Almaty
  • Израиль іштен өртеніп жатыр

Сионистік сарапшылар Израильдің іштен жанып жатқанын ескертті.

Al-Mayadeen желісінің хабарлауынша, сионистік сарапшылар Израильдің іштен жанып жатқанын ескертті.

Манал Исмаил осы желінің тілшісі: «Сионистік режим кабинетінің сот саласындағы шараларына қарсы наразылықтар күшейіп барады»,- деді. Осы наразылықтарға командалық және барлау бөлімшелерінің резервтік күштері қатысқаннан кейін наразылықтарға 69-шы эскадрилья қосылды. Бұл эскадрилья Израиль әуе күштерінің ең маңызды стратегиялық бөлімшесі болып табылады. Осы эскадрильяның бірқатар ұшқыштары егер кабинет өз әрекеттерін жалғастыра берсе, олар жаттығуларға шақыруды қабылдамайтындарын мәлімдеді. Наразылықтар кеңейіп, оған Израильдің әскери бөлімдері қосылады деген алаңдаушылық бар. Израиль армиясындағы наразылық ауқымының кеңеюіне қарсы бұл режим армиясының тік еңіске жетуі туралы ескертулер көбейді. Израильдік сарапшылардың пікірінше, режимнің әскерилері дағдарысты басқара алмады, әсіресе штаб бастығы Герци Халеви  наразылық білдірушілерге тікелей қарсы тұрудан бас тартты.