Башар Асад: Иранның Сирияға қолдауы материалдық қолдаудан жоғары
Сирия Президенті Башар Асад ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахианмен кездесуінде: "Бүгін сіздің зілзаладан зардап шеккен аудандарға баруыңыз Иран үкіметі мен халқының Сирияға көмегінің материалдық қана емес, рухани жағынан да күшті қолдау көрсетіп отырғанын көрсетеді",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан бейсенбі күні Дамаскта Башар Асадпен кездесіп, осы елде болған зілзаладан қаза тапқандарға көңіл айтып, екі елдің қарым-қатынасын одан ары кеңейтуді ИИР-дың басты ұстанымы деп атап, АҚШ пен Батыс елдерінің Сирияға қарсы зұлым қоршауын жойып, осы елдегі зілзаладан зардап шеккендерге халықаралық көмектердің жіберілуіне жағдай жасау керегін айтты.
Башар Асад Ислам революциясының жетекшісі және Иранның үкіметі мен халқының Сирияда зілзаладан зардап шеккендерге қолдау білдіргеніне алғыс айтып: "Аймақтағы қазіргі қысылтаяң шақта бұл сапардың терең саяси мағынасы бар",-деді.