Maм 05, 2016 18:22 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің әскери ұшақтары Газаға шабуыл жасады

Сионистік режимнің әскери ұшақтары Газа секторының оңтүстігіндегі халықаралық Рафах әуежайын бомбалады.

Франция ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сионистік режимнің Ғ 16 әскери ұшақтары сәрсенбі күні Газадағы халықаралық әуе жайға екі зымыран атып, шығын келтірді.

Газадағы қауіпсіздік көздердің мәліметі бойынша, бұл шабуылда кісі өлімі болған жоқ. Куә болған адамдар сионистік режимнің әскери ұшақтары сонымен бірге екі зымыранды әуе жайға жақын орналаскан қарсыласу күштерінің позицияларын атқылады. Сонымен қатар Рафахтың шығыс аймақтары да сионистік режимнің әскери ұшақтарының шабуылдарының куәсі болды.

Тегтер