Давудоғлы Түркияның Әділет және даму партиясының төралығынан отставкаға кетуі ықтимал
(last modified Thu, 05 May 2016 12:58:43 GMT )
Maм 05, 2016 18:58 Asia/Almaty
  • Давудоғлы Түркияның Әділет және даму партиясының төралығынан отставкаға кетуі ықтимал

Түркияның ақпарат құралдары бұл елдің премьер-министрі Ахмад Давудоғлының Әділет және даму партиясының төралығынан отставкаға кету ықтималы туралы хабарлады.

Анатоли ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Түркия Премьер-министрінің кеңсесі сәрсенбі күні Ахмад Давудоғлы ел президенті Реджеп Тайып Эрдоғанмен кезескен соң: «Премьер-министр бейсенбі күні Әділет және даму партиясының шешім қабылдау және атқарушы кеңесіне қатысқан соң баспасөз отырысына қатысады» деп мәлімдеме жасады. Түркиныңя ақпарат құралдары осы хабарды жариялап: "Давудоғлу Әділет және даму партиясының отырысында бұл партияның басшысына үміткерлікті мақсат етіп отырған жоқ»,- деді. Осы мәлімет бойынша Түркияның Әділет және даму партиясы осыдан бұрын жаңа заң бекіткен болатын. Сол заң бойынша партияның облыс өкілдерін сайлау міндеті Ахмад Давудоғлыдан алынып қойған.