Сирияның астанасындағы Рамазан айының көңіл-күйі
https://itolqyn.com/news/west_asia-i68760
Рамазан айында Сирияның астанасы Дамасктың көшелері мен базарлары түрлі шырақтар және жалаушалармен безендірілген.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 03, 2023 19:43 Asia/Almaty

Рамазан айында Сирияның астанасы Дамасктың көшелері мен базарлары түрлі шырақтар және жалаушалармен безендірілген.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Рамазан айында Сирия халқы Дамасктың Джазматия алаңында орналасқан базарға барып, сауда жасайды.

Базарда ауызашарға арналған тәтті-дәмділер мен түрлі тағамдар сатылады. Ауызашар жақындап қалған шақта Дамасктың Джазматия алаңы ораза ұстаушылардың көп қатынайтын жеріне айналады.