Хания: Сионистік режим құлдырау үстінде
https://itolqyn.com/news/west_asia-i68780
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (Хамас) саяси кеңсесінің басшысы: "Израильде сионистердің жаңа Тель-Авив кабинетіне қарсы наразылықтары бұл режимнің аймақтағы жобаларының жеңіліс тапқанын білдіреді",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 03, 2023 23:43 Asia/Almaty
  • Хания: Сионистік режим құлдырау үстінде

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (Хамас) саяси кеңсесінің басшысы: "Израильде сионистердің жаңа Тель-Авив кабинетіне қарсы наразылықтары бұл режимнің аймақтағы жобаларының жеңіліс тапқанын білдіреді",-деді.

Палестинаның "Шахаб" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исмаил Хания  Катардың Доха қаласында БАҚ өкілдері алдында сөйлеген сөзінде сионистердің Иордан өзенінің батыс жағалауында және Құдста қалашық тұрғындарының әл-Ақса мешітіне сан рет шабуыл жасап, құрметсіздік көрсеткенінен туатын салдарлар жайлы ескертті.

Хания Палестинада ішкі саяси өзгерістер болып жатқанын, аймақтық пен әлемдік өзгерістердің Палестина халқының арман-мақсаттарына әсері жайлы айтып: "Қазіргі таңда болып жатқан маңызды ішкі, аймақтық және халықаралық өзгерістер Палестина тақырыбына әсер етіп жатыр. Бірінші әсері мынау:  Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауында қарсыласу әрекеттері артты",-деді.