Исламды насихаттау кеңесі: Әл-Ақса мешітіне шабуыл – жаңа интифазадан қорыққанның белгісі
Сәу 06, 2023 18:41 Asia/Almaty
Иранның Исламды насихаттау кеңесі Әл-Ақса мешітіне жасалған қылмысты айыптады.
Исламды насихаттау кеңесінің мәлімдемесінде: "Сионистік режимнің Әл-Ақса мешітіне айуандықпен шабуыл жасауы – жаңа интифазадан қорыққанның белгісі. Палестинаның жаңа буыны күреске ерлікпен қатысып жатыр. Бұл табанды күрес Құдс басқыншылары мен олардың аймақтық және трансаймақтық қолдаушылары үшін қорқынышты түске айналды",-делінген.
Сионистік режимнің әскерилері сәрсенбі күні кешке Әл-Ақса мешітіне шабуыл жасап, намаз оқушыларды соққыға жықты.
Тегтер