Әл-Нахале: Біз жаудың қоқан-лоққысынан қорықпаймыз
Палестина Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы: «Дұшпанның қоқан-лоққылары бізді қорқытып қана қоймайды, керісінше бірге күш-қуатымыз бен бірлігімізді арттырады»,- деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің Газа мен Ливанға шабуыл жасау қаупінен кейін Зияд әл-Нахале қарсыласу күштерінен дұшпанға кез келген жауапқа дайын болуды талап етті.
ХАМАС ұйымының саяси бюросының басшысы Исмаил Хания басып алынған жерлердегі жалғасып жатқан оқиғаларға реакция білдіріп, сионистік режимді бейсенбі күні түнде әл-Ақса мешітіне жасалған аяусыз шабуылдар үшін айыптап: «Палестина халқы мен қарсыласу топтары бұл айуандық қылмыстар алдында ешқашан үнсіз қалмайды. Біз басып алушы сионистік үкіметтің Құдсты еврейлендіруге және әл-Ақса мешітін бөлу жоспарын жүзеге асыруына ешқашан жол бермейміз»,- деп баса айтты.