Сионистік әскерилер Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Арихаға ауқымды шабуыл жасады
Басқыншы сионистік режим әскерилері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Арихаға шабуыл жасады.
Сионистер өздерінің экспансиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін күнде Палестинаның түрлі аудандары, соның ішінде Иордан өзенінің батыс жағалауына шабуыл жасап, палестиналықтарды жалған айыптармен қамауға алып, жарақаттап немесе шәһид етіп жатыр.
Палестинаның жергілікті ақпарат көздері сионистік режимнің сауытты көліктерінің Ариха қаласындағы Акаба лагеріне шабуыл жасағанын хабарлады.
Израиль әскерилері осы лагерьге шабуыл жасағаннан кейін палестиналық күрескерлер оларға қарсы тұрып, ауданда қарулы қақтығыс болды.
Осы шабуылда бір палестиналық басына оқ тиіп, жараланды. Оның халі ауыр.
Сионистік әскерилер сондай-ақ Акаба лагеріне шабуыл жасап, оның басты көшесін жауып тастады.