Басып алынған аумақтарда Нетаньяху саясатына қарсы демонстрациялар жалғасуда
Тель-Авив пен Хайфаның мыңдаған тұрғыны сионистік режим премьер-министрінің мәлімдемелеріне наразылық білдірді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тель-Авив пен Хайфа қалаларының мыңдаған тұрғыны Нетаньяхудың басып алынған Палестинада қауіптіліктің артуына және қарсыласу топтарының операцияларына оппозициялық партиялар кінәлі деген мәлімдемесіне наразылық білдірді.
Тель-Авив қаласындағы шерушілер Аялон тас жолының бойындағы қиылысында жиналып, көліктердің қозғалысын бұзып, осы негізгі жолда кептеліс тудырды. Аялон тас жолының айналасындағы тікенек сымдарды тартып, шеруге шыққандардың жолға кіруіне кедергі бола алмаған Израиль полициясы шерушілерді тарату үшін оларға шабуыл жасады. Нетаньяхуға қарсы шеруге қатысып, жолдарды жауып тұрған кем дегенде екі ереуілшісін полиция мен қауіпсіздік күштері қамауға алды.