Әл-Ақса мешітінде 250 мың палестиналықтың қатысуымен Ораза айт намазы өтті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i69174
Әл-Ақса мешітінде Ораза айт намазы сионистік режимнің шектеуіне қарамастан, ондаған мың палестиналық намазханның қатысуымен өтті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 21, 2023 19:01 Asia/Almaty
  • Әл-Ақса мешітінде 250 мың палестиналықтың қатысуымен Ораза айт намазы өтті

Әл-Ақса мешітінде Ораза айт намазы сионистік режимнің шектеуіне қарамастан, ондаған мың палестиналық намазханның қатысуымен өтті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Әл-Ақса мешітінде Ораза айт намазы салтанатты түрде өтті.

Палестинаның түкпір-түкпіріндегі, соның ішінде басып алынған Құдс, Иордан өзенінің батыс жағалауында және 1948 жылғы территорияда тұратын мыңдаған палестиналық сионистік режимнің қатаң шектеулеріне қарамастан, әлем мұсылмандарының бірінші құбыласына барып, Ораза айт намазын оқыды.

Жергілікті дереккөздерінің хабарлауынша, Ораза айт намазына кемінде 250 мың палестиналық қатысты.