Иран Сыртқы істер министрі Ливанға аттанды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i69320-Иран_Сыртқы_істер_министрі_Ливанға_аттанды
Ливанға сапармен келген Иран Сыртқы істер министрі бұл елдің премьер-министрімен кездесуінде Иранның Ливандағы тұрақтылықты қолдап, Ливан үкіметіне, ұлтына, қарсыласу және армиясына қолдау көрсетуін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 28, 2023 17:23 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Ливанға аттанды

Ливанға сапармен келген Иран Сыртқы істер министрі бұл елдің премьер-министрімен кездесуінде Иранның Ливандағы тұрақтылықты қолдап, Ливан үкіметіне, ұлтына, қарсыласу және армиясына қолдау көрсетуін қуаттады.

Ливан Премьер-министрі Наджиб Микати екі ел арасындағы қарым-қатынастардың маңыздылығына тоқталып, Ливандағы қазіргі жағдайды түсіндіріп, Теһранның Ливанға қатысты сындарлы ұстанымдарына алғысын айтты.  

Амир Абдуллахиан  Ливан Парламенті спикері Набих Берримен және ливандық әріптесі Абдулла Бу Хабибпен де кездесті.