Амир Абдуллахиан Сейед Хасан Насролламен кездесті
Сәу 28, 2023 17:36 Asia/Almaty
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Ливанда «Хезболла» ұйымының бас хатшысымен кездесіп, Ливан, Палестинадағы соңғы өзгерістер мен Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімді талқылады.
Ливандық әріптесінің шақыруымен Бейрутке келген Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амирабдоллахиан бүгін (жұма) Ливан Хезболласының Бас хатшысы Сейд Хасан Насралламен кездесіп, сұхбаттасты.
Бұл кездесуде аймақтағы соңғы оқиғалар, Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру туралы жақында жасалған келісім және оның аймақ елдеріне әсері, Ливандағы соңғы өзгерістер мен Палестинадағы қазіргі жағдай талқыланды.
Тегтер