Раиси: Сирия мен аймақ халқы Иранды мықты тірек деп санайды
ИИР Президенті: «Сирия мен аймақ халқы Иранның мықты тірек екенін және оған сенім артуға болатынын біледі»,- деді.
Iran Press мәліметінше, Ибрахим Раиси жұма күні таңертең Теһранға келгеннен кейін журналистер алдында Сирияға екі күндік қарқынды ресми сапарының нәтижелері туралы: «Сирия халқы мен үкіметінің дұшпандардың қастандықтары мен фитналарына қарсы 12 жыл бойы қарсыласуынан және Иран Ислам Республикасының осы қарсыласу мен ұстанымды қолдауынан кейін бұл сапар екі ел мен аймақ үшін үлкен маңызға ие болды»,- деді. Президент бұл сапарды Иран мен Сирия арасындағы экономикалық, сауда, саяси және қауіпсіздік қатынастарын кеңейтудегі бетбұрыс деп атап: «Бұл сапар да Сирия халқы мен үкіметінің дұшпандардың қатал шабуылдарына қарсы тұруына құрмет болды. Бүгінде Сирия мен аймақ халқы Иран Ислам Республикасын арқа сүйей алатын мықты тірек және тамыры жерде терең, көкте ұзын бұтақтары бар мықты ағаш екеніне сенеді. Түрлі қарсыласу топтарымен кездесуде біз бұл топтардың талғамдары әртүрлі болғанымен, шәһид Сүлеймани айтқандай Ислам республикасының қасиетті орын және оған сенім артуға болатынын бірауыздан келісті. Барлық қарсыласу топтары Иранның Ислам революциясы жеңісінің басынан бері қарсыласу қозғалысын қорғап, қолдағанын баса айтты»,- деп мәлімдеді.