Сионистердің қылмысына палестиналық бойжеткен қаһармандық жауап берді
(last modified Fri, 05 May 2023 10:03:55 GMT )
Maм 05, 2023 16:03 Asia/Almaty
  • Сионистердің қылмысына палестиналық бойжеткен қаһармандық жауап берді

Сионистердің Наблустағы палестиналықтарға қарсы қылмысынан кейін палестиналық бойжеткен Израиль әскерлеріне жаңа шәһидтік операциясымен жауап берді.

Кеше,  бейсенбі күні сионистік режим күштері шамамен бір ай бұрын «әл-Ағвар» операциясын жүзеге асыру арқылы үш сионистік қоныстанушыны өлтірген  Хасан Катнани  және  Моаз әл-Масри  атты екі ХАМАС күштерін және қоршауда қалған үйде екі адаммен бірге болған және олардың жасырынуына көмектескен адамдардың бірі Ибрахим Джабрды  өлтірді. Израиль әскерилерінің бұл қылмысына барынша қысқа мерзімде жауап берілді.

Сионистік БАҚ көздері Наблустың оңтүстігіндегі Хавара аймағында 26 жастағы палестиналық бойжеткен Иман Зиад Ахмад Оуде  сионистік әскерилерге суық қарумен шабуыл жасағанын хабарлады. Осы шабуылдан кейін қыз сионистік сарбаздардың қолынан ауыр жараланып, бірнеше минуттан кейін қайтыс болды. Палестиналық қыздың әрекеті  сионистердің кез келген қылмысына палестиналықтардың шешуші жауап беретінін көрсетті. Сонымен қатар, сионистік қылмысқа жауап беру тек палестиналық ер адамдармен шектелмейді, тіпті әйелдер де осы қылмыстық режим үшін үлкен қауіп болып табылады. Сондай-ақ жас палестиналық қыздың әрекеті палестиналықтардың сионистердің қылмыстарына жауап беру қажеттігі туралы ортақ пікір мен бірлік бар екенін көрсетеді. Бұл нәсілшіл және экстремистік Израиль министрлер кабинеті үшін үлкен қауіп және ескерту. Тағы бір мәселе, палестиналық қыздың операциясы палестиналықтардың сионистік қылмысқа барынша қысқа мерзімде жауап беретінін көрсетті. Сионистер Наблустағы қылмысты бүгін таңертең жасады, ал жас палестиналық қыз бүгін түстен кейін бұл қылмысқа жауап берді. Бұл жылдам реакция палестиналықтардың дайындығын және қарсыласушылардың халық қолдауына ие болуын көрсетеді.

26 жастағы палестиналық қыздың қаһармандық әрекеті оккупацияланған аумақтарда палестиналықтарға қарсы ешқандай қылмыс жасаудан тартынбайтын ең экстремалды министрлер кабинеті жұмыс істеп жатқан кезде жасалды. Сондықтан сионистік министрлер кабинетінің экстремизмі мен нәсілшілдігі палестиналық жастардың шегінуіне себеп болған жоқ, керісінше палестиналықтардың қарсыласу ерік-жігерін күшейтті және бұл ерік Палестинаның барлық қабаттарына тарады. Тағы бір мәселе, сионистік сарбаздар палестиналық қызды жаралағанда, жерге құлаған жас қызды қоршап алып, халықтың оған жақындауына жол бермеді. Палестиналықтар басқыншылардың оның көмек алуына әдейі кедергі жасағанын жазды. Бұл  сионистердің палестиналық әйелдің алдындағы қылмысын көрсетті.