Түркияның Сирияға қатысты саясатындағы өзгерістерге шолу
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған көршілес елдермен жауластық саясатын тоқтатқан бір жылдан аса уақыт ішінде Анкара үкіметінің сыртқы саясаты, әсіресе Сириядағы Башар Асад үкіметіне қатысты саясатының айтарлықтай өзгергені байқалады.
Алғашқы қадамда Анкара басшылары Иран, Ресей және Сириямен бірге Мәскеу төртжақты отырысына қатысу арқылы Түркияның сыртқы саясатында айтарлықтай бетбұрыс болғанын көрсетуге талпынды.
2018 жылы Түркия өз әскерін Сирия территориясына кіргізген кейін Анкара үкіметіне қарсы партиялардың басшылары үкіметке ел әскерін Сирия жерінен тез арада шығару керегін ұдайы ескертіп келген болатын. Бұған қарамастан Ердоған үкіметі әскер шығаруды кешеуілдетіп, қаржы және экономика тұрғысынан айтарлықтай шығын көргеннен кейін Сирия үкіметімен бітім жасауға бет бұрды. Түркия үкіметінің Башар Асад үкіметіне қатысты саясатының өзгергенін жақсылыққа жору керек.
Түркия мен Сирия қайшылығын шешу тек көршілес елдер, әсіресе Иран мен Ресейдің қатысуымен қорытынды нәтиже беретіні мәлім болса да, АҚШ пен оның батыс одақтастары Түркия мен Сирияның татуласпауына бар күшін салады. Өйткені бұл екі ел достасқан жағдайда АҚШ-тың Сирия мен Батыс Азияның басқа елдерінде әскер ұстау шығыны бірнеше есе артады.
Қазіргі жағдайда АҚШ күштерінің Сирия жерінде болуы Түркия басшылары үшін бір маңызды түйткілге айналғаны анық. Сол себепті Анкара үкіметі Сириядағы Башар Асад үкіметін ресми түрде мойындау арқылы америкалықтардың осы екі ел шекарасына жақын маңдағы аудандарда орналасуын өзінің талап-тілегіне сай басқарғысы келеді.
Түркия басшылары бетпе-бет келіп отырған экономикалық дағдарысты ескерсек, бұл ел қазір жаңа нарықтарға зәру. Ал Сирия Түркияның тауарларын сатып алатын елдердің қатарына жатады. Шын мәнінде Сирия – Түркия үшін бір потенциалды тұтынушы нарық. Кейінгі жылдары Сирия мен Түркия арасында болған текетірес салдарынан Анкара іс жүзінде осы елдегі тұтынушыларынан айырылып қалған болатын.