Бахрейннің адам құқығы қоғамының Халифе әулетінің қылмыстары туралы есебі
(last modified Sat, 07 May 2016 15:36:27 GMT )
Maм 07, 2016 21:36 Asia/Almaty
  • Бахрейннің адам құқығы қоғамының Халифе әулетінің қылмыстары туралы есебі

Бахрейнның адам құқығы қоғамы осы елде бұқаралық ақпарат құралдары бостандығын бұзудың жалғасып жатқанын хабарлады.

Бахрейннің адам құқығы қоғамы әділетсіз соттау, азаптау, жер айдау, азаматтықтан кенде ету, жұмыстан шығару, тергеу мен шақыртып алу және кейде өлім жазасына кесуді осы елдегі бұқаралық ақпарат құралдары бостандығын бұзу фактілерінің бір бөлігі деп жариялады.

Бахрейннің адам құқығы қоғамы, сондай- ақ өзінің апталық есебінде 29- шы сәуірден 6- шы мамырға дейін Халифе әулеті режимінің күштері 13 бахрейндікті құрықтап, 17 адамды азаптаса, 17 үйге заңды рұқсатсыз баса-көктеп кірген деп мәлімдеді.

Бахрейннің адам құқығы қоғамының мәлімдеуінше, жоғарыда аталған уақыт бойында Бахрейннің 9 аймағынан саяси себептермен 44 адам құрықталып, мәжбүрлеп құрықтаудың екі жайты, балаларды құрықтаудың да екі жайты хабарланған.

Бахрейн 2011 жылдың 14- ші ақпанынан бері Халифе әулеті режиміне қарсы халықтық көтеріліске куә болып отыр.

Халық өз елінде азаттық, әділет орнату, кемсітушілікті жоюды және сайланатын жүйенің билік басына келуін талап етуде.