Сионистік режим Газадағы атысты тоқтату бітімін бұзды
(last modified Sun, 14 May 2023 12:40:31 GMT )
Maм 14, 2023 18:40 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Газадағы атысты тоқтату бітімін бұзды

Сионистік режим мен Газа секторындағы қарсыласу топтары арасында орнаған атысты тоқтату бітімінен бірнеше сағат өткеннен кейін Палестина ақпарат құралдары Тель-Авив үкіметінің атысты тоқтату бітімін бұзғанын хабарлады.

Бұған дейін Al-Jazeera ақпарат арнасы сенбі, 13 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-де сионистік режим мен Газа секторындағы қарсыласу топтары арасында  атысты тоқтату бітімі орнайды деп хабарлаған болатын. Бұл келісімде атысты толық тоқтату, бейбіт тұрғындарды өлтіруді және үйлерді қиратуды доғару қарастырылған.  

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа статистикалық мәліметтеріне сәйкес, сионистік режимнің 9 мамырда Газа секторына жасаған шабуылдарында 35 палестиналық, соның ішінде  6 бала мен 3 әйел адам қаза тауып, 150 адам жараланды.

Сионистік режимнің армиясы: "Осы режимнің қырғи ұшақтары Газа секторындағы нысандарға шабуыл жасады",-деп мәлімдеді.

Палестинаның ақпарат құралдары жексенбі күні таңертең: "Газа секторының бірнеше аудандарында жарылыс дыбысы естілді. Бейт-Ханун, Шоджаия мен Рафахта кемінде 3 бақылау пункті сионистік режимнің қырғи ұшақтарының шабуылына ұшырады",-деп хабарлады.

"Едиот Ахронот" сионистік газетінің хабарлауынша, әл-Баридж, Бейт-Ханун, Рафах және Шоджаияда кемінде 4 бақылау пункті сионистік режимнің қырғи ұшақтарының нысанасына алынды.

Сионистік режимнің армиясы сенбі күні: "Палестиналық топтар Газадан Израильге қарай 1234 зымыран атты. Израиль армиясы осы 5 күндік соғыста Газадағы 371 нысанға шабуыл жасады",-деп мәлімдеді.