Балалар – Сирияның солтүстігіндегі лаңкестердің тірі қалқаны
Сирияның солтүстігіндегі Алеппода болып жатқан ауыр ұрыстарда лаңкестер балаларды тірі қалқан ретінде пайдалануда.
«Al-Mayadeen» телеарнасының майдандағы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, «Джейш ул-фатх» тобы Сирияның солтүстігінде, әсіресе қақтығыстардың ошағы Алеппо қаласындағы ауыр ұрыстарда балаларды тірі қалқан ретінде кең түрде пайдалануда.
Осы телеарнаның хабарлауы бойынша, «Джейш ул-фатх» тобы «ән-Носрат майданы» тобы бастаған басқа бірқатар қарулы топтармен бірге Алеппо мен оның атырабына шабуыл жасап жатқан ең маңызды тараптар болып отыр. Олар атысты тоқтату бітімін бұзумен қоса, шабуылдарда балаларды тірі қалқан ретінде пайдалануда.
Осындай жағдайда Сауд Арабиясы мүфтилерінің бірі әрі «Джейш ул-фатх» тобы мен «ән-Носрат майданы» үшін адам күшін тартуға жауапты Абдулла әл-Мухисани бұл топтарға мүшелердің көбінің балалар екенін мойындады.
Сирияның қауіпсіздік саласындағы жауапты тұлғаларының айтуынша, «Джейш ул-фатх» тобы балаларды тарту арқылы өз жеңілістерінің қарымын қайтаруды көздеп, осы жолда Түркия мен Сауд Арабиясы барлау ұйымдарының көмегін пайдаланады.