Хание: Иран қарсыласу осінің берік әрі сенімді тірегі
ХАМАС қозғалысы саяси бюросының басшысы: «Иран – Палестина қарсыласуы сионистік дұшпанмен және АҚШ үстемдігімен негізгі соғыста сүйенетін берік тірек»,- деді.
Сардар Қаани жолдауында: «Құдс және Иордан өзенінің батыс жағалауы және бүкіл Палестина жерінің моджахедтері жеңіс таңының жақын екенін дәлелдеді»,- деп мәлімдеді. Бұл хабарлама Исламдық жиһадтың сионистік режиммен «Азат етілгендер кегі» деп аталған соғысынан кейін жарияланды.
Al-Mayadeen ақпарат арнасының хабарлауынша, Исмаил Хание Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Сардар Исмаил Каанидің жолдауына жауап беріп, қарсыласу топтарының бұл соғыстағы жеңісі даладағы және саясаттағы күш пен бірлікке негізделгеніне назар аудартып: «Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» күштерінің қолбасшысы Каанидің жолдауында Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің ұстанымы және Иранның қарсыласуға шексіз қолдау көрсетуге табандылығы айтылады. Сионистік дұшпан Сарая әл-Құдс қолбасшыларының өлтірілуімен қарсыласу жойылып, Палестина халқы қорқыныштан зардап шегеді деп ойлады»,- деді.