АҚШ ДАИШ-ке тиесілі 13 мың жанұяны Иракқа тасымалдайды
(last modified Fri, 02 Jun 2023 13:44:53 GMT )
Маусым 02, 2023 19:44 Asia/Almaty
  • АҚШ ДАИШ-ке тиесілі 13 мың жанұяны Иракқа тасымалдайды

АҚШ ДАИШ-ке тиесілі 13 мың жанұяны Сирияның әл-Хоул лагерінен Ирактың Мосул қаласындағы әл-Джада лагеріне тасымалдауды жоспарлап отыр.

Al-Malooma ақпарат сайтының хабарлауынша, бір саяси дереккөзі: "АҚШ ДАИШ-ке тиесілі 13 мың жанұяны Сирияның әл-Хоул лагерінен Ирактың Мосул қаласындағы әл-Джада лагеріне тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл шараның мақсаты – осы лаңкестік топтың жұмысын қайта жандандыру",-деді.

Бұл саяси дереккөзі: "АҚШ пен ДАИШ-тың Сирия мен Иракта әріптестік жасап жатқаны дәлелденді. Әрине америкалық саясаткерлердің көбі ДАИШ-ты АҚШ құрғанын мойындады",-деді.

Осы саяси дереккөзі АҚШ-тың биылғы жылдың соңына дейін әл-Хоул лагерін жабуды көздеп отырғанын айтып: "Бұл әрекет азат етілген облыстардағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты бұзып, елде бейберекеттік орнатуға бағытталған",-деді.

Ирак үкіметі ДАИШ-ке тиесілі жанұялардың Сириядан осы елге тасымалдануына қарсылық білдірді.