Зияд Нахала: Джиһадтық топтар сионистермен күресу үшін ең жақсы жағдайда тұр
Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінде: "Палестина қарсыласу топтары сионистік режимге қарсы күресу үшін ең жақсы бірлік пен дайындық жағдайында тұр",-деді.
Зияд Нахала Палестина мен басып алынған жерлердегі өзгерістер үдерісін бағалап: "Қарсыласу топтары Палестина халқының қолдауына сүйене отырып, сионистік режимнің кез келген басқыншылығына қарсы тұрып, ірі жеңістерге жете алады",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан осы кездесуде нәсілшіл сионистік режимді аймақта тынышсыздық пен тұрақсыздық тудырып отырған басты ошақ деп атап, ислам елдерінен сионистердің Палестина халқына қарсы антигуманистік қылмыстарын тоқтатып, Құдстағы исламдық құндылықтарды қорғау үшін бірлесе әсерлі шаралар атқаруын сұрады.