Амир Абдуллахианның Катар сапарының негізгі тақырыбы - екіжақты және аймақтық қарым-қатынастар
https://itolqyn.com/news/west_asia-i70548-Амир_Абдуллахианның_Катар_сапарының_негізгі_тақырыбы_екіжақты_және_аймақтық_қарым_қатынастар
Иран Сыртқы істер министрі Катар Әмірі және осы елдің Сыртқы істер министрімен кездесіп, қызықтырған мәселелерді талқылап, кеңесті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 20, 2023 18:02 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахианның Катар сапарының негізгі  тақырыбы - екіжақты және аймақтық қарым-қатынастар

Иран Сыртқы істер министрі Катар Әмірі және осы елдің Сыртқы істер министрімен кездесіп, қызықтырған мәселелерді талқылап, кеңесті.

 

ИИР Сыртқы істер министрі Катардың жоғары лауазымды қайраткерлерімен кездесіп, сөйлесу үшін дүйсенбі күні кешке дипломатиялық делегацияның басында Теһраннан Дохаға аттанды.

Fars news агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан бүгін (сейсенбі) Катар Әмірі Тамим бен Хамад әл-Танимен кездесіп, сөйлесті.

Амир Абдуллахиан Катар Әмірімен кездескеннен кейін Катар Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммад бен Абдулрахман Әл Танимен кездесіп, әңгімелесті.

Екіжақты келіссөздер, маңызды аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу, сондай-ақ санкцияларды жою келіссөздеріне қатысты мәселелер Амир Абдулахианның Катарға сапарының маңызды тақырыптарының бірі болып табылады.

Катардан кейін Иран Сыртқы істер министрі Оман билігімен кеңесу үшін Маскатқа барады.