Палестиналықтар сионистердің Құран Кәрімді қорлауын айыптады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i70622-Палестиналықтар_сионистердің_Құран_Кәрімді_қорлауын_айыптады
Палестиналық наразылық білдірушілер Наблустың оңтүстігіндегі мұсылман мешіттеріне шабуыл жасап, Құран Кәрімнің көшірмелерін жыртып, өртеп жіберген қоныстанушылардың әрекетін айыптады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Маусым 24, 2023 19:06 Asia/Almaty
  •  Палестиналықтар сионистердің Құран Кәрімді қорлауын айыптады

Палестиналық наразылық білдірушілер Наблустың оңтүстігіндегі мұсылман мешіттеріне шабуыл жасап, Құран Кәрімнің көшірмелерін жыртып, өртеп жіберген қоныстанушылардың әрекетін айыптады.


 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бірқатар палестиналық Газа секторында наразылық шеруін өткізіп, сионистік қоныстанушылардың Құран Кәрімді қорлауын айыптады.

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) Наблустың оңтүстігіндегі Ориф ауылындағы мұсылман мешіттеріне шабуыл жасап, Құран Кәрімнің көшірмелерін жыртып, өртеп жіберген қоныстанушылардың әрекеттерін айыптап: "Басқыншы армияның қолдауына ие болған қоныс аударушылардың бұл айуандық әрекеті бүкіл Палестина халқы мен Ислам үмбетінің сезімін бұрмалайды",- деді.

Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысы да исламдық қасиетті жерлерді қорлауды басқыншылардың Палестина халқына қарсы дұшпандықтарының жалғасуы деп тауып : " Бұл әрекет қарсылықты тұтандырады. Бұл қауіпті және қылмыстық шиеленіс дұшпанның исламдық сенімдерге қарсы діни соғыс ашқысы келетінін көрсетеді",- деп баса айтты.