ХАМАС қозғалысы сионистік режиммен келісімге келуі туралы барлық мәліметті теріске шығарды
(last modified Mon, 09 May 2016 09:55:03 GMT )
Maм 09, 2016 15:55 Asia/Almaty
  • ХАМАС қозғалысы сионистік режиммен келісімге келуі туралы барлық мәліметті теріске шығарды

ХАМАС қозғалысы жексенбі күні сионистік режимнің ақпарат құралдарының Газа секторы шекараларының ішінде буферлік аймақ құру туралы ХАМАС қозғалысымен келісімге келді деген хабарды теріске шығарды.

«Спутник» ақпарат агенттігінің Каирден хабарлауы бойынша, ХАМАС қозғалысының ақпарат хатшысы Сами Абузахри: «Израильдің басқыншы режимінің Газа секторы шекараларының ішінде буферлік аймақ құру туралы ХАМАС қозғалысымен келісімге келді деген уәждері негізсіз. ХАМАС пен Газадағы палестиналық топтар еш уақытта Израильдің басқыншы режиміне Газа шекараларының ішінде авантюралар жасауға рұқсат бермейді»,- деді.

Бұдан бұрын ХАМАС-тың саяси бюросы басшысының орынбасары Исмаил Хание палестиналық күрескер топтардың сионистік режимнің әскеріне Газа секторына кіруге рұқсат бермейтінін айтқан болатын.