Шамхани: Алеппоға қарсы шабуыл жауапсыз қалмайды
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ-ты Алепподағы атыс тоқтатуды өз мүддесіне пайдаланушы деп атады.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Иранның «Жас тілшілер» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Алеппода орын алған жағдай аймақтағы атыс тоқтату үдерісін мақсатты түрде өз мүддесіне қолдану және америкалықтар мен аймақтағы одақтастарының лаңкестерге ұзақ мерзімді логистикалық қолдау көрсетуінің салдары»,- деп баса айтты.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Алеппоның Хан Туман аймағындағы соңғы оқиғаларға ән-Носрат майданының қатысты болуын қуаттап: «Олар мұрсатты пайдаланып, аймақтың үш бөлімін басып алды, бірақ қазір Сирия жаунгерлері екі бөлімін қайтарып, үшінші бөлімін де өз бақылауына қайтаруға талпынуда»,- деп мәлімдеді.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы осы мәселеге қатысты Иранның ұстанымына тоқталып: «Ислам республикасы өз одақтастары, яғни Ресей, Сирия және Ливанның Хизболласымен бұл мәселені алдын ала жоспарлап іске асырылған әрекет ретінде қарастырып, оны жауапсыз қалдырмайды»,- деді.