Басқыншы режим армиясы Дженин қаласы мен лагеріне шабуыл жасады
Израиль армиясы негізінен Дженин лагерін нысанаға алған Дженинге жасалған шабуылдың 72 сағат бойы жалғасатынын жариялады.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі басқыншы режимнің Дженин қаласына жасаған әуе шабуылы нәтижесінде кемінде 3 палестиналықтың шәһид болғанын және 13 палестиналықтың жараланғанын хабарлады. Палестина Денсаулық сақтау министрлігі бұл жаңалықты жариялап, ауруханада жатқан үш жаралының жағдайы өте ауыр екенін мәлімдеді.
Палестиналық дереккөздер: «Дженин лагерінде көптеген басқыншы сарбаздар әскери техника мен бульдозерлерді пайдаланып және әуе қолдауымен әскери операция бастады»,- деді. «Әл-Жазира» телеарнасының хабарлауынша: Исламдық жиһад қозғалысының әскери бөлімшесі Әл-Құдс батальондарына қарасты Дженин батальоны сионистік режимнің броньды көлігін бомба жарып жіберіп, жарамсыз еткенін хабарлады. Дженин батальоны: «Жаудың бірнеше осьте Женин лагеріне ілгерілеу әрекетін басқыншылармен ауыр шайқастармен талқандадық»,- деді.