Тель-Авив пен басқа қалаларда Нетаньяху саясатына қарсы шерулер өтті
(last modified Sun, 09 Jul 2023 11:23:51 GMT )
Шіл 09, 2023 17:23 Asia/Almaty

Тель-Авив көшелеріне шыққан сионистік шерушілер Нетаньяху үкіметінің Израильдің сот жүйесін реформалау жоспарларына қарсы екендіктерін тағы да қуаттады.

 

Израильдің басқа аймақтарындағы ондаған қалалар да израильдіктердің Нетаньяхудың сот реформаларын жүзеге асыру саясатына қарсы шерулеріне куә болып жатыр. Көптеген аймақтарда наразылық білдірушілер көшелер мен негізгі жолдарды жауып тастады. Израильдік шерушілер Нетаньяху үкіметінің саясатына қарсы ұрандар айтып, сот жүйесіндегі реформалардың жүзеге асырылуын тоқтатуды талап етті.