Сирияның солтүстігінде жуырда орын алған оқиғалардағы лаңкестікті демеушілердің рөлі белгілі болды
(last modified Tue, 10 May 2016 12:12:58 GMT )
Maм 10, 2016 18:12 Asia/Almaty
  • Сирияның солтүстігінде жуырда орын алған оқиғалардағы лаңкестікті демеушілердің рөлі белгілі болды

Лаңкестік топтардың атысты тоқтату бітімін бұзып, Сирияның солтүстігіндегі Хан-Туман стратегиялық аймағын басып алуы қоғамдық пікір үшін лаңкестердің келбеті мен оларды демеушілердің қулығын тағы да әшкерелеп берді.

Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласына жақын жердегі Хан-Туман стратегиялық аймағы АҚШ пен Ресей келіскен атысты тоқтату аумағына кіргенімен бейсенбі күні тәкфиршіл лаңкестердің ауқымды шабуылына ұшырап, оның бір бөлігі басып алынды. Бұл жайт тез арада лаңкестерді қолдаушы ақпарат құралдарының негізгі жаңалығына айналды.

Сирияның екі үлкен қаласы – Дамаск пен Алеппоның арасында орналасқан Хан-Туман стратегиялық аймағы екі күн бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің өздерінің пайымдауынша ұстамды лаңкестерге қолдау көрсетіп, Сирия армиясының Алеппо майданындағы бастамашыл амалдарына алаңдаушылық білдірген жағдайда лаңкестік топтар тарапынан шабуылға ұшырады.

Сириялық дереккөздердің хабарлауынша, бейсенбі күні лаңкестік топтардың, соның ішінде «ән-Носрат майданы» тобының мыңдаған мүшесі «Джейш ул-Фатх» деп аталатын ұстамды күштердің туын ұстағанына қарамастан атысты тоқтату бітімін бұзып, АҚШ пен Сауд Арабиясы сыйлаған қару-жарақтармен Хан-Туманға шабуыл жасап, осы қалашықтың бір бөлігін басып алды. Хан-Туман басып алынардан екі күн бұрын Сауд режимінің Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубайр Сириядағы тәкфиршіл лаңкестерге қару-жарақ тапсырылғандығын ашық түрде хабарлаған болатын. Бұл мәселе тәкфиршілдер мен олардың демеушілерінің барлық күш-қуаттарын қарсыласу майданына соққы беру үшін жұмсап жатқанын көрсетеді.

Мұнымен бір мезгілде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри де Сирия армиясының Алепподағы бастамашыл амалдарына алаңдаушылық білдіріп, Сирия Президенті Башар Асадқа биліктен кетпеген жағдайда ауыр салдарларға ұшырауы мүмкіндігін айтып қоқан-лоққы жасады. Сырттай алғанда осы салдарлардың бірі атысты тоқтату бітімін жою және соғысқа қайта оралу болуы әбден мүмкін.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің жуырдағы сөздері лаңкестердің саясатымен үйлеседі. Бұл сөздер лаңкестер мен олардың демеушілерінің Сирия өзгерістерінде атысты тоқтату бітімі мен өз міндеттемелеріне берік болмауы былай тұрсын, осы елдің дағдарысын шешуге бағытталған халықаралық талпыныстарға соққы беру үшін кез-келген мұрсатты пайдаланып отырғандығын дәлелдей түседі.

Сирияның солтүстігінде жуырда болған өзгеріс лаңкестер мен олардың демеушілерінің ұпай жинау кезінде атысты тоқтату бітімін іздемейтінін, ал өз позицияларын жоғалтып, әлсірей бастаған жағдайда әр жерден атысты тоқтату бітімі туралы дауыстар шығара бастайтынын көрсетеді.

Бұған қарамастан Сирия халқы, армиясы мен қарсыласуды демеушілердің 5 жылдық майдандағы тәжірибесі көрсеткендей, лаңкестік топтарды қолдаушылардың бетпақтығының нәтижесі болып табылатын Хан-Туманда төгілген қан ешқашан ескерусіз қалмайды, лаңкестер мен олардың демеушілері өте жақын болашақта қарсыласудың осы заңсыз шара мен атысты тоқтату бітімін бұзушылыққа ауыр соққымен жауап беретінін күтсін. Осыдан бұрын да Хомс, Тадмор (Пальмира), Дара, Қаламун мен Кобанидегі майдандарда лаңкестердің қылмыстары мен оларды демеушілердің қиянаты лаңкестердің ойсырай жеңіліп, қарсыласу өзегінің мерейлі жеңісімен аяқталған.