Сионистердің Тулкарамға шабуылында 1 палестиналық қаза тауып, 7 адам жараланды
(last modified Fri, 11 Aug 2023 17:26:42 GMT )
Там 11, 2023 23:26 Asia/Almaty
  • Сионистердің Тулкарамға шабуылында 1 палестиналық қаза тауып, 7 адам жараланды

Сионист әскерилер Тулкарамның шығысында орналасқан лагерьге әскери көліктермен басып кірді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионист әскерилер жұма күні таңертең Тулкарам лагеріне басып кіріп, палестиналық жігіт Махмұт Джаһад әл-Джавадты өлтіріп, 7 адамды жаралады.

Палестинаның жергілікті ақпарат көздері Тулкарам лагерінде қарсыласу күштері мен басқыншы әскерилер арасында қарулы қақтығыс болғанын хабарлады.  

Сионист әскерилердің Тулкарам лагеріне шабуылы барысында Палестина қарсыласу күштері оларға оқ жаудырып, қол бомбаларын нысанаға алды.

Палестинаның Қызыл жарты ай ұйымы: "Сионистік режим жаралы палестиналықтарды тасымалдауға келген жедел жәрдем көлігіне кедергі келтірді",-деп хабарлады.