Хамас сионистік режимнің бір ұшқышсыз ұшағын өз бақылауына алды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i71798-Хамас_сионистік_режимнің_бір_ұшқышсыз_ұшағын_өз_бақылауына_алды
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы Хамастың әскери тармағы: "Осы топтың жауынгерлері Газаның шығысында сионистік режим армиясының бір ұшқышсыз ұшағын өз бақылауына алды",-деп хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 17, 2023 00:42 Asia/Almaty

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы Хамастың әскери тармағы: "Осы топтың жауынгерлері Газаның шығысында сионистік режим армиясының бір ұшқышсыз ұшағын өз бақылауына алды",-деп хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Катаэб Азеддин әл-Қассам кеше, сейсенбі күні: "Осы топтың жауынгерлері сионистік режим армиясының "Орбита К1" ұшқышсыз ұшағын өз бақылауына алды",-деп мәлімдеді.

Азеддин әл-Қассам: "Бұл ұшқышсыз ұшақ Газа секторының шығысында барлау әрекеттерін жасап жатқан кезде Хамас жауынгерлерінің қолына түсті",-деді.

Азеддин әл-Қассам осы ұшқышсыз ұшақ түсірілген видеоны таратып: "Ол мәлімет жинаумен қатар лаңкестік шабуыл мен жарылыс жасау үшін қолданылады",-деді.