Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істері жөніндегі кеңесшісі Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысымен телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Wed, 23 Aug 2023 11:17:21 GMT )
Там 23, 2023 17:17 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істері жөніндегі кеңесшісі Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысымен телефон арқылы сұхбаттасты

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істері жөніндегі кеңесшісі мен Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы басып алынған жерлердегі соңғы өзгерістер жайлы сұхбаттасты.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Акбар Велаяти телефон арқылы Зияд әл-Нахаламен сөйлесіп, ИИР-дың Палестина халқы мен қарсыласу қозғалысын қолдайтынын айтты.

Велаяти Палестина халқының табанды қарсылығын мақтап, қарсыласу күштерінің Палестина халқы, жері мен қасиетті құндылықтарын қорғаудағы ерлігін мадақтады.

Зияд әл-Нахала ИИР-дың Палестина мәселесін қолдау позициясына алғыс айтып: "Палестина халқы мен қарсыласу күштері басқыншы режим басшыларының қоқан-лоқыларынан қорықпайды. Қарсыласу қозғалысы кез келген басқыншыға жауап беруге қатысты өзінің заңды да табиғи құқығын пайдаланады",-деді. 

Тегтер