Сейед Хасан Насралла: Қарсыласу ең күшті позицияда
Ливан Хизболласының Бас хатшысы Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінде Ливан мен Палестинаның қарсыласуы бүгінде ең күшті деңгейде екенін айтты.
Fars news агенттігінің хабарлауынша, Сейіт Хасан Насролла бұл кездесуде сионистер қате есептеу негізінде әрекет ететін болса, қарсыласу тарапынан өкінішті реакцияға тап болатынын баса айтты. Сейед Хасан Насролла Иранның аймақ пен Ливанға қатысты сындарлы рөліне тоқталып, аймақ, Ливан және Иран қарсыласуының шәһидтерін еске алып, генерал Сүлейманидің аймақтың сионизм мен лаңкестікке қарсы қауіпсіздігін тұрақтандырудағы рөлін ұмытылмас деп атады.
Амирабдуллахиан Сирия президентімен және осы елдің жоғары лауазымды тұлғаларымен келіссөздеріне сілтеме жасай отырып: "Сирияның араб елдерімен қарым-қатынастарын қалыпты жағдайға қайтару кезінде Сириядағы лаңкестерді белсендірудегі шетелдік қозғалыстар дұшпандар мен сионистік режимнің Сирия мен аймақ қауіпсіздігіне қарсы мақсаттарын көрсетеді",- деді.