Мыңдаған израильдік Нетаньяху кабинетіне қарсы шеру өткізді
Сионистік қалашықтардың мыңдаған тұрғыны сенбі күні кешке сот реформасын бекітуге қарсы наразылықтарын жалғастырып, 35-ші апта қатарынан шеру өткізді.
Сионистік қалашықтардың тұрғындары өткен 34 аптада басып алынған Палестинаның солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі ондаған қала, соның ішінде Тель-Авив, Хайфа, басып алынған Құдс, Бир ас-Саба, Ришон-ле-Цион мен Герцлияда Нетаньяхудың әсіре оңшыл кабинеті мен сионистік режимнің сот реформасына қарсы шеру өткізді.
Оппозиция басшылары Нетаньяху кабинетінің сот реформасын сот органын әлсіретіп, өзін пара алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы үш іс бойынша сотталудың алдын алу үшін жасап жатқан әрекет деп атап: "Кабинеттің бұл шарасы сионистік режимді ішкі қайшылық, азаматтық соғыс пен біртіндеп құлдырауға қарай итермелейді",-деді.