Кибершабуылдан кейін мыңдаған сионистердің жеке мәліметтері әшкереленді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i72512
Сионистік режимнің кибер ұйымы Иранды басып алынған аумақтардағы мыңдаған адамның жеке мәліметтерінің әшкереленуіне  себеп болған кибершабуыл жасады деп айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 22, 2023 14:52 Asia/Almaty
  • Кибершабуылдан кейін мыңдаған сионистердің жеке мәліметтері әшкереленді

Сионистік режимнің кибер ұйымы Иранды басып алынған аумақтардағы мыңдаған адамның жеке мәліметтерінің әшкереленуіне  себеп болған кибершабуыл жасады деп айыптады.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік «Jerusalem Post» газетінің кеше (бейсенбі) мәлімдеуінше, бұл шабуыл жұмыс іздеу веб-сайтының пайдаланушыларына жалған хабарламалар жіберу арқылы жасалды, содан кейін мыңдаған адамның ақпараты   ашылған.

Өткен айларда хакерлер сионистік режимнің маңызды мекемелері мен ұйымдарын ауқымды кибершабуылдармен бірнеше рет нысанаға алды. Израиль киберқауіпсіздік ұйымының басшысы Габи Портной өткен жылдың соңында режимнің ай сайын ондаған кибершабуылдарға тап болғанын мойындады.