Газада бір палестиналық шәһид болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i7252
Палестиналық дереккөздері Газада бір палестиналықтың шәһид болғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 11, 2016 20:25 Asia/Almaty
  • Газада бір палестиналық шәһид болды

Палестиналық дереккөздері Газада бір палестиналықтың шәһид болғанын хабарлады.

Сионист әскерилердің 2004 жылы Хан Юнеске жасаған шабуылы кезінде жараланған бір палестиналық азамат 12 жыл тауқыметке төзген соң шәһид болды. Мұнымен қатар жаулап алынған Құдста сионист әскерилер палестиналық жастарға қарай оқ атты. Соның салдарынан екі палестиналық жараланды деп хабарланды. Палестинадан келіп түскен келесі бір мәліметке сәйкес, сионистік режим армиясының әскерилері Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдстың шығысында 17 палестиналықты құрықтаған.