Сионистер әл-Ақса мешітіне екінші күн қатарынан баса-көктеп кірді
Қыр 25, 2023 22:44 Asia/Almaty
Сионистік қалашықтардың жүздеген тұрғыны бүгін таңертең екінші күн қатарынан яһудилік мерекелердің бірін сылтауратып, заңсыз түрде әл-Ақса мешітінің аулаларына баса-көктеп кірді.
Палестиналық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сионистік қалашық тұрғындарының бірқатары раввин киімін киген, кейбіреулерінде қару болған.
"Палестина әл-Яум" сайты: "Сионистік қалашық тұрғындарының әл-Ақса мешітіне кіруі қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған жағдайда және басқыншы әскерилердің қолдауымен жүзеге асты",-деп жазды.
Кеше сионистік қалашықтардың 673 тұрғыны әл-Ақса мешітіне құрметсіздік көрсетіп, сионистік әскерилер 50 жастан төмен палестиналық намазхандардың мешітке кіруіне тосқауыл қойды.
Тегтер