Башар Асад: АҚШ-тың лаңкестермен серіктестігі бар
(last modified Sat, 30 Sep 2023 13:28:05 GMT )
Қыр 30, 2023 19:28 Asia/Almaty
  • Башар Асад: АҚШ-тың лаңкестермен серіктестігі бар

Сирия Президенті лаңкестердің Сирияның солтүстік-шығысындағы орналасуына және Вашингтонның осы аймақтарды бақылауына тоқталып:  "АҚШ-тың лаңкестермен серіктестігі бар",- деді.

 

Fars news ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Президенті Башар Асад қытайлық «CCTV» арнасына берген сұхбатында: "Соғыс біткен жоқ, біз қазір соғыстың ортасындамыз.  Бірақ Сирия географиялық орын ретінде әрқашан басқыншылық үшін өткел болды. Дегенмен, Сирия халқы соғыс аяқталып, қоршау жойылғаннан кейін өз елін қалпына келтіру күшке ие",- деп баса айтты. Башар Асад: "Лаңкестер басып алған Сирияның солтүстік-шығыс аймағы американдықтардың бақылауында тұрған жер. Демек, мәселе тек ұрлық емес, пайданы бөлісуде лаңкестермен серіктестік етуде. Сонымен қатар, бұл екінші проблеманы тудырады, яғни бұл елдің лаңкестермен серіктестікте болуы",- деп мәлімдеді.