Иран мен Сирияның әртүрлі салалардағы ынтымақтастығы жалғасуда
(last modified Fri, 06 Oct 2023 11:59:22 GMT )
Қаз 06, 2023 17:59 Asia/Almaty

ИИР-ның Сириядағы елшісі Батыс елдерінің санкцияларына қарамастан екі елдің әртүрлі салалардағы ынтымақтастығын жалғастыруын қуаттады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Акбари  кеше бейсенбі күні Алеппо ЖЭО-ның ашылу қарсаңында журналистерге: "Бұл электр стансасы ирандық компаниялардың күш-жігерімен және Сирияның электр энергетика министрлігінің ынтымақтастығымен іске қосылды",- деді. Акбари Сирияның электр қуатын жеткізудегі проблемаларына тоқталып: "Америкалық күштердің электр стансаларының негізгі отыны, яғни осы елдің мұнайы мен газын контрабандалық жолмен тасымалдауы Сириядағы электр стансаларының тоқтап қалуына және электр қуатының жетіспеушілігіне әкелді",- деп мәлімдеді. Ирандық дипломат Теһран мен Дамасктің соңғы жылдардағы әртүрлі салалардағы ынтымақтастығын еске түсіріп: «Батыстың ауқымды санкцияларына қарамастан мәселелерді шешу үшін екі жақтың ынтымақтастығы жалғаса береді",- деді.